Бұл жөнінде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады. Қазақстанда қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін 1870 діни ұйым жұмыс істейді деп атап көрсеткен Бас прокуратура өкілі бүгін Астанада өткен баспасөз-мәслихатында. Олардың ең көп тарағандары "Саентология", "Новая жизнь" және Христиандық миссионерлік "Грейс" шіркеуі, тағы басқалары деп атаған прокуратура. Осындай секталар қатарына 40 мыңға жуық адам тартылған. «Бұндай діни ұйымдар мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейді, адамдарға зиянды емес деп ойлау қате» дейді прокуратура өкілдері. Соңғы жылдары дәстүрлі емес діни ұйымдар мен секталардың 50-ге жуық жетекшісі жауапқа тартылған, заңсыз миссионерлік қызметі үшін 13 шетелдік азамат елден шығарылған. Бас прокуратура Қазақстанда 13 ұйым террористік және бір ұйым экстремистік деп табылғандығын еске салды.
Қазақстанның Бас прокуратурасы: «Діни секталардың қызметі ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді»
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес